Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.
2005-2007 жылдары қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2009 жылы - "Нұр-Сұлтан қаласы XXI ғасыр көшбасшысы" ЖҚБ төрағасының орынбасары.
2010-2011 жылдары - "Зерде" ҰИХ" АҚ инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің менеджері.
2011-2012 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2012-2013 жылдары - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы басшысының м. а., басшысы.
2013-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ зерттеу зертханалары орталығының үлкен деректер зертханасының жетекшісі.
2014-2015 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2015-2016 жылдары - "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасының орынбасары.
2017-2019 жылдары - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарушы директоры.
2020 жылғы сәуірден бастап - "Зерде" ҰАХ" АҚ басқарма мүшесі-төрағасының орынбасары.