07 қаз, 2020 сағат 11:40

Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік сотталды

Ақтөбеде сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық істің үкімі оқылды. Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды. 

«С.Бекенов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін», - деді судья Жанат Қуанышов.

Айта кетейік, сотталушы С.Бекеновтың кінәсі толық дәлелденді. №2 қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Дегенмен сот қылмыстық істің ауыр, қоғам үшін қауіпті екенін назарға алды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.