22 сәу, 2022 сағат 15:00

Әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ақтөбелікке үкім шығарылды

Фото:elements.envato.com

Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, әйелін өлтіруге оқталу, сондай-ақ қамаудан қашып кету дерегі бойынша күдікті, Ақтөбе қаласының тұрғынын сотқа жіберді.

Айыптау актсіне сәйкес, күдікті мас күйінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін сол пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ол ойлағанын іске асыра алмады", - деді Дәулембаев.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, оқиға қаңтарда болған. 23 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1973 жылы туған ер адам ауруханадан қашып кеткені хабарланған. Ол келесі күні 5 қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде ұсталған еді.