Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды. Бұл туралы бүгін Pajhwok агенттігі Twitter-де мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға Ғазна провинциясының орталығы саналатын Ғазна қаласында болған.
Агенттіктің xабарына қарағанда, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған.
Қаза тапқандардың сегізі - қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі - бейбіт тұрғындар.
Ал зардап шеккендердің көпшілігі - мектеп оқушылары. Олардың жағдайы туралы ақпарат тым мардымсыз.
Лаңкестікке жауапкершілікті әзірге өңірдегі террористік ұйымдардың ешбірі алған жоқ.