Мемлекет басшысы – Қарулы күштер Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның Қарулы күштерінде әскерлердің қысқы оқу кезеңін бақылау тексерісі жаңа форматта өту үстінде. Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінде бұл жұмыс қалай жүріп жатыр, ерекшелігі неде? Осы туралы Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Бас штабы Жедел бас басқармасы бастығының орынбасары, Жедел тактикалық қолбасшылық басқармасының басшысы, полковник Мейрамбек Еркеғалиев айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, осы жылдың сәуір айының басында Әуе қорғаныс күштері мен әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде қысқы оқу кезеңі үшін бақылау тексерісі басталды. Мейрамбек Еркеғалиевтің айтуынша, тексерудің айырықша ерекшелігі жеке құрамның оқу полигондарына, әуе аймақтарға және позицияларға практикалық жүзінде шыға отырып, оқу жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде алған шеберліктері мен білімдерін қолдану болып табылады. Онда жеке құраммен ұрысқа жақындатылған жағдайда шайқасты ұйымдастыру мен жүргізудің әртүрлі мәселелері пысықталады.
«Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен бөлімшелерінде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, Әскери әуе күштерінде ағымдағы оқу жылының бірінші жарты жылдығында ұшулар 4500-ден астам уақыт құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 10%-ға жоғары. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде, сондай-ақ, зейнеттік зымыран және радиотехникалық бөлімшелер есеп топтарының жауынгерлік даярлық шараларының ұлғаюы байқалады. Далалық жаттығулар зейнеттік зымыран бөлімшелерінің маневрлері едәуір өсті. Ал арнайы техникадағы механик жүргізушілердің жалпы көлік жүргізу сағаты 3 мың шақырымға жетті. Сондай-ақ авиациялық базалардағы оқу-жаттығу ұшулары дайындық кезеңінде де тоқтамайтынын, яғни ұшу жаттығуларын күндіз және түнде, қарапайым және күрделі өтеу жағдайда жыл бойы орындайтынын атап өткен жөн. Іс жүзінде Әуе қорғаныс күштерінің барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелері Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін күзету жөніндегі тұрақты жауынгерлік кезекшілікті атқарады. Ел басшылығының қолдауының арқасында Әуе қорғаныс күштері жыл сайын жаңа ұшу аппараттарын, зейнеттік зымыран кешендерін және радиолокациялық станцияларын қаруландыруға қабылдайды. Бұл соңына келгенде, жауынгерлік мүмкіндіктердің артуына және әскерлердің жауынгерлік даярлығының қарқындылығының артуына ықпал етеді», – деді Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Бас штабы Жедел бас басқармасы бастығының орынбасары, Жедел тактикалық қолбасшылық басқармасының басшысы, полковник Мейрамбек Еркеғалиев.
Сондай-ақ, ел ішінде «Батыл тойтарыс-2022» кешенді ведомстволық стратегиялық командалық штабтық оқу-жаттығу өтіп жатқаны белгілі. Бұл жаттығуда Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің рөлі туралы да сөз болды. Полковниктің айтуынша, Әуе қорғаныс күштері оқу-жаттығу барысында әскерлер мен жүктерді тасымалдауды, жеке құрамды десанттауды, сондай-ақ шартты қарсыластың әуе және жер үсті шабуыл жасау құралдарынан әскери техникасы бар калонналарды бүркемелеуді жүзеге асырады.
«Мәселен, Алматы және Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясының ұшақтары түнде әскери техника мен жеке құрамның калонналарын әуеден бүркелеу бойынша ұшуды орындады. Әскери көліктің авиациясы елдің орталық өңірлерінен Маңғыстау облысына әскери қызметшілерді қары-жарақпен өтімділігі жоғары арнайы техниканы көшіруді жүзеге асырды. Жеке құрам оқу-жаттығу өткізілген аймағына белгіленген мерзімде жеткізілді. Бұл ретте әскери көліктік авиациясының ұшақтар минималды түрде қажетті арнайы авиациялық және радиотехникалық станциялармен жабдықталған тас жолының әуе-аймақ учаскесіне қондырылды. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша, авиация барлау-іздестіру іс-шараларын жүргізуге және де арнайы бөлімшелерге әуеден оқ атып, қолдау көрсетуге тартылып отыр. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік топтары болса, оқу-жаттығу басталғаннан бері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді. Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін үздіксіз бақылауды және барлауды жүзеге асырып отыр», – дейді ол.
Түркістан облысында «Өңірлік қауіпсіздік-2022» компьютерлік-штабтық оқу-жаттығу өтуде. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына бірлескен жүйесінің 2022 жылға арналған бірлескен іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес, сәуір айының 6-13-і аралығында Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының басшылығымен өңірлік қауыпсіздік-компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.
«Кейбір кеңістіктегі әскери маневрлер екі кезеңде өтеді. Олардың барысында Орталық Азия өңірі мен Қазақстанда әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін даярлау және қолдану мәселелері орындалатын болады. Әуедегі шартты қарсыласқа қарыс іс-қимыл бойынша оқу-жауынгерлік міндеттерді жалпы жергілікті ақпараттық желіге қосылған автоматтандырылған жұмыс орындарында әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандары орындайтын болады. Компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығулар көптеген елдердің әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығын жетілдірудің перспективті бір бағыты болып саналады. Бұл әдіс қысқа мерзімде жағдайың әртүрлі нұсқаларын моделдеуге және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау өзекті міндет болып табылады. Осыған байланысты аталған оқу-жаттығуды өткізу қолданыстағы келісімдер шеңберінде құрылған әскерлердің ұжымдық топтарын даярлауды жетілдіруге сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесі шеңберінде өзара тығыз іс-қимылды ұйымдастырға күш-жігерді арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Мейрамбек Еркеғалиев.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтуі тиіс. Белгілі болғандай, 2022 жылғы 12 сәуірде Шымкент қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлігі кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтеді. Үйлестіру комитетінің жұмысына Армения, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрліктерінің делегациялары, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің жедел қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының өкілдері, қорғаныс өнеркәсіп кешені мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелерін зерттеу және әскери кадрларды даярлау саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысады.
«Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесін жетілдіру және көп жақты әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралатын болады. Отырыс барысында үйлестіру комитеті мен оның жұмыс органдарының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылады. Алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалады. Және де 2022 жылғы ТМД әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамына бөлінген әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығының бірлескен іс-шараларын өткізу мәселелері қаралады. Қорытындылай келе, бақылау-тексеруінің жаңа форматы оқу-жаттығу барысында өткізілуі әскерлердің даярлық деңгейін неғұрлым толық бағалауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығына әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесі шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар ұлттық және бірлескен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде елдеріміз арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимылды нығайтуға үлкен мүмкіндік береді», – дейді полковник Мейрамбек Еркеғалиев.