23 ақп, 2022 сағат 15:33

Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 мыңнан астам арнайы құрал ұрланған


Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 мыңнан астам арнайы құрал ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилимның мәліметінше, облыстық әкімдік ғимаратына шабуыл кезінде полиция қызметкерлерінен 9 дана атыс қаруы тартып алынған. Қазір оның 4-еуі кері қайтарылған. 

«Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар 1 мыңнан астам қалқан, каска және басқа да арнайы құралдарды заңсыз иемденген. Тартып алынған құралдардың 52-сі табылды. Қазір қалғанын іздеу жалғасып жатыр. Сол себептен, тұрғындардан ұрланған қарулар мен арнайы құралдарды полицияға тапсыруға шақырамын. 

Қаруды ерікті тапсырған азаматтар заңмен қудаланбайды», - деп мәлім етті Абзал Гилим.