19 қаң, 2022 сағат 15:55

Атырауда нашақор жігіт супермаркеттің күл-талқанын шығарған


Атырау қаласындағы супермаркетті талқандаған нашақор қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де болған оқиғаны растады.

Бұрыннан наркологиялық диспансердің есебінде тұратын 31 жастағы нашақор жігіт азық-түлік сататын супермаркетке есіктегі әйнекті сындырып кірген. Супермаркет сөрелеріндегі азық-түліктерді оңды-солды шашып, жәшіктерді құлатып тастаған.

«Кәсіпкерлік нысанына материалдық шығын келтірген бұзақы ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған нашақор қамауға алынды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.