Атырау облысы Мақат ауданында бюджет қаражатын ысырап ету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп қыздарға арналған технология кабинетін 1 миллиард теңгеге сатып алуды жоспарлаған.
Оқу кабинеттерінің медиандық бағасы - 3,5 млн мен 7 млн теңге аралығында.
Департамент аталған фактіні мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықтап, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына ұсыныс хат жолдады.
Ұсыныс хатты қарау қорытындысы бойынша сома 12 млн теңгеге өзгертілді.
Осылайша, бюджет қаражатының 1 059 428 571 теңгесі үнемделді.