22 қар, 2021 сағат 14:56

Атырауда күшікті қапқа салып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген


Атырауда күшікті қапқа салып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген. Оқиға тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іnstagram әлеуметтік желісіне жүктелген видеода қапқа салынған күшіктің қыңсылаған дауысы естіледі.

Жергілікті кинолог Мамучар Яшуев қапқа салынған күшікті Жайық өзенінің жағалауынан тауып алған. Оған бұл туралы жағалаудан өтіп бара жатқан әйел хабар берген.

Жайық жағалауына барған кинолог күшікті судан алып шыққан. Қазір күшікке екпе салынған.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен (Жануарларға қатыгездік жасау) дерегімен тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.