16 шіл, 2021 сағат 14:25

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды


Атырау қаласында қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 14 шілде сағат 17:59 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары төбелескен үш жігітті байқаған. 

«Учаскелік полиция инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан «Сафари» кафесінің алдында төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған үш жігітті анықтады. Бір-бірімен өзара келісе алмағандар – 33, 32 және 30 жастағы азаматтар», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қоғамдық орында төбелескен үш жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. 

Соттың шешімімен екі азаматтың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, біреуі бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.