12 нау, 2022 сағат 16:57

Атырауда 61 келіден артық марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды


6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірге жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.

Процестік іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық "марихуана" есірткісі алынды, оның "қара нарықтағы" құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы дерек жөніндегі соталды материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Атырау облысының тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.


Суреттер: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі