Атырау облысының 46 жастағы тұрғыны 1 келіге жуық есірткімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 қараша күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі сақтау дерегін анықтаған.
«Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғыны өзінің үйінде есірткі шөбін кептіріп, заңсыз сақтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуанна, арнайы кесіліп дайындалған ыдыс тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды.