Атырау облысының тұрғыны тауарларды жалған құжатпен заңсыз сатып келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан облыс тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп бітті.
Айыпталушы заңды кәсіпкерлік қызмет түрін көрсету мақсатында екі кәсіпорын атынан тауарларға жалған бухгалтерлік құжат (шот- фактуралар, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат және халықаралық тауарға ілеспе жүкқұжат) дайындаған, содан кейін тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан.
Атырау қаласы №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК 214-бабы 2-бөлімінде және 385-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған 2 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ 12 миллион теңгенің тауары мемлекет пайдасына айналдырылды.