31 қаң, 2022 сағат 13:53

Атырау облысында малшыны пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды


Атырау облысында малшыны пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөөз қызметі растады. Қанды оқиға Жылыой ауданында 26 қаңтарда болған. 

«Жылыой ауданынындағы «Қара мола» қыстағында 1983 жылғы жігіт 61 жастағы малшыны түнгі сағат 02:30 шамасында тамағынан пышақтаған. Күдікті малшыны өзінің «УАЗ Патриот» автокөлігіне салып алып, белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол күні күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір қамаудағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,5) тармақтарымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.