07 қаз, 2020 сағат 20:45

Атырау облысында Lada Priora-дан 75 келі бекіре табылды

Атырау облысында жүргізушінің көлігінен 75 келі бекіре табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция қызметкерлері «Бекіре» алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыөзек ауылының тұсында «Lada Priora» автокөлігін тоқтатқан. 

«Исатай ауданының 48 жастағы тұрғыны басқарған көліктен жалпы салмағы 75 келі 600 грамм бекіре тұқымдас балық табылды. Ірі көлемдегі балықтың жүргізушіге, әлде көлікте отырған 28 жастағы азаматшаға тесілі екені анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйектен бері 105 құқық бұзушылық, оныӊ ішінде 102 заӊсыз балық аулау, 3 балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталған. Сондай-ақ, 109 құқық бұзушы ұсталған. Заңсыз айналымнан 1 тонна 734 келі балық, оныӊ 1 тонна 95 келі бекіре тұқымдас балығы, 2 келі қара уылдырық тәркіленген.