Атырау облысында «Тoyota Ipsum» көлігінен 393 келі қара балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қзыметінің ақпаратына қарағанда, Құрманғазы ауданының тұрғыны 393 келі балықты заңсыз тасымалдаған.
«Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде «РФ шекарасы-Атырау» тас жолының бойында Армения Республикасынатіркелген «Toyota Ipsum» маркалы көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 393 келі қара балық түрлері табылып, тәркіленді. Құрманғазы ауданының 28
жастағы тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атырау қаласына жеткізбекшіболған», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 389-бабымен толтырылған әкімшілік хаттама заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.