Қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істердің түпкілікті шешімі халықтың назарына жеткізіледі. ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырсында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Қылмыскерлерді іздеу, дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиясы және кінәсіздік презумпциясына қатысты, заңнама талаптарын ескеріп, мен, тергеліп жатқан істер бойынша шектеулі, деректерді ғана келтірдім. Естеріңізге салайын, тергеу мерзімі екі айдан сәл ғана асты. Мұндай ауқымды, трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін, бұл уақыт жеткіліксіз. Көп жағдайда куәлар жоқ. Кешенді сот сараптамалары және баллистикалық зерттеулер тағайындалды. Нәтижелерін күтудеміз», - деді Бас прокурор.
Оның айтуынша, аталған жайттар бәрі фигуранттардың қатысу дәрежесі мен рөлін дұрыс саралау, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды анықтау және ұрланған қаруды табу үшін қажет.
«Дей тұрғанмен, барлық қылмыстық істер бойынша, түпкілікті шешімдер, міндетті түрде, халықтың назарына жеткізілетін болады», - деді Берік Асылов.