Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік Әуе Жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғысымызды білдіреміз", - деп жазды елшілік өкілдері.