21 қаз, 2024 сағат 20:50

Астанадағы полигондарға 160 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды


Фото: Астана әкімдігінен

Елордада стихиялық рұқсат етілмеген полигондармен жүйелі күрес жалғасуда. 2024 жылдың басынан бастап елорданың бес ауданында рұқсат етілмеген полигондардың 221 нүктесі анықталды. Олардан полигондарға 160 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын қаланың барлық аудандарында рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі.

Мысалы, Алматы ауданы бойынша 115 учаске жойылып, 55 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (шамамен 8 мың рейс).

Байқоңыр ауданында 10 учаске жойылып, олардан 8 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Есіл ауданы бойынша 18 нүкте жойылып, полигонға 20 мың тоннаға жуық қоқыс жөнелтілді.

Сарыарқа ауданы бойынша 39 стихиялық қоқыс тастайтын орын пысықталды, олардан 38 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Нұра ауданынан жойылған 39 нүктеден 40 мың тонна қоқыс шығарылды.


Фото: Астана әкімдігінен

Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан.

IKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқыс шығару және орынсыз орындарға қоқысты түсіру фактілері белгіленеді, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Жыл басынан бері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін жалпы сомасы 136 млн.теңгеден асатын 9 мыңға жуық құқық бұзушыға айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоқысты рұқсатсыз түсіргені үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн.200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.


Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.


Фото: Астана әкімдігінен

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

Фото: Астана әкімдігінен