24 қаз, 2024 сағат 18:35

Астанада LRT қашан іске қосылады?



Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов


Астанада LRT жобасы бойынша рельстерді төсеу және аялдама бекеттерін әрлеу 2025 жылы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс қарқынын тексерді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.


"Cтанциялардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы рельстерді төсеу, станцияларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізіледі", - делінген хабарламада.


"City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмысын аяқтау және LRT іске қосу 2025 жылдың аяғына дейін жоспарланған.