Фото: pexels.com
Астанада АЭС бойынша референдум өтетін күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
"Құрметті елорда тұрғындары және жолаушыларымыз! 6 қазанда, Астана қаласында республикалық референдум өтетін күні, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады", - делінген хабарда.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан, дүйсенбі, қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді екен.
Айта кетейік, биылғы 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Тиіс жарлыққа мемлекет басшысы 2 қыркүйекте қол қойған болатын.