12 қар, 2021 сағат 10:13

Астана тұрғыны ресейлік нөмірлі көлікті метал қабылдағышқа 100 мың теңгеге өткізіп жіберген


Астананың 28 жастағы тұрғыны полицияға «Ваз 2115» маркалы автокөлігінің ұрланғанын айтып, арыз берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік иесінің айтуынша, ол қызға кездесуге келген, ал көлікті Қошқарбаев көшесінде жол бойында қалдырған. Түнгі уақытта көліктің сигнал беру жүйесінің жоқтығын пайдаланып, арам ниетін іске асырушы сәйкес келетін кілтті таңдап, көлікті айдап кеткен. Материалдық шығын 700 мың теңгені құрады. 

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Елорданың 36 жастағы тұрғыны ұрланған көлікті металл қабылдағышқа 100 мың теңгеге сатып үлгергені анықталды. 

Полиция қызметкерлері көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.