Фото: Астана әкімдігінің сайтынан
Астана прокуратурасы көп балалы отбасыларға арналған 15 пәтерді қайтарғанын хабарлады.
Ведомствоның сайтында жарияланғандай, Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады. Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.
"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына берілді, 5 пәтер де иелеріне тапсырылу сатысында", - деп жазылған хабарламада.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.