22 жел, 2020 сағат 13:40

Әскерилердің баспана мәселесі қалай шешіліп жатыр – Қорғаныс министрі

Соңғы екі жылда 4 мыңнан астам әскери қызметші баспана бағдарламаларымен үй алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесі шешіліп жатыр. 2018 жылдан бастап жеңілдетілген ипотекалық кредиттеу арқылы тұрғын үй бағдарламалары бойынша 4 мыңнан астам әскери қызметші баспана алды. 

Қарулы Күштерде нысандардың үлкен инфрақұрылымы жұмыс істейді. Қорғаныс ведомствосы әскери бөлімдер мен қалашықтар аумағындағы ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіп жатыр. Олардың басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған», - деді Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Министрдің айтуынша, 2020 жылы 600-ден астам нысанға жоспарлы жөндеу жүргізілді, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 1,5 есеге жоғары. 30 нысан күрделі жөндеуден өткен. 

«Казармалық-тұрғын үй қорының да жаңа нысандары салынуда, оның ішінде жеңіл модульдік конструкциялардан: казармалар, асханалар, қоймалар, оқу және спорт кешендері тұрғызылуда. Биыл осындай 56 ғимарат салынды», - деді Ермекбаев.