Осы аптада Қорғаныс ведомствосы, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жиын өтті. Кездесуде қатысушылардың назарына Мемлекет басшысының әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қорғаныс министрінің бастамасымен арнайы бағдарлама жобасы ұсынылды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Сонымен қатар, осы аптада Қарулы күштерінің әскери порты мен Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында қаза тапқан қазақ жауынгердің сүйегі Мәскеуден Нұр-сұлтан қаласына жеткізілді. Нұр-сұлтан қаласы әуежайының әскери секторында соғыста қаза тапқан сарбаздың сүйегін күтіп алу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Астана гарнизоны мен әскери қызметшілері және республикалық әскери патриоттық қозғалысының өкілдері қатысты. Батыс қазақстан облысында Жұбаевтың сүйегін әскери құрметпен қайта жерлеу рәсімі өтеді.
Әскери саласының тағы бір жаңалығы - Алматы мен Жетісу облыстарында Қазақстан мен Беларус арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің бірлескен оқу жаттығу аяқталды. Қазақстанның тауда дайындау орталығы, нұсқаушы, олардың басшылығы мен әскери қызметшілер тауға шығу және асуларға жорық жасауды орындап, арнайы іс қимылды дайындау және жүргізу мәселелеріне пысықтады.
«Қарулы күштерде жеті оқу жаттығу полигонында 2022-стратегиялық командалық штабтық оқу жаттығу өтуде. Іс шаралар Мемлекет басшысының қарулы күштердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру және ведомствоаралық туралы тапсырмасының ескере отырып ұйымдастырылды. Әскери басқару органдары қарулы күштер түрлерінің құрамалары мен бөлімдері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар, мемлекетке және жергілікті атқарушы органдары арасындағы өзара іс қимыл мәселелерін пысықтауға ерекше назар аударылады», – деді әскери теңіз күштердің бас қолбасшысы Сәкен Бижанов.
Оның басшылығымен әскери әуе күштері мен және ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметіне жедел топпен бірге әскери теңіз базасын басқару органдары мен командалық штабтық оқу жаттығу, тіпті жағалаудағы, теңіздегі және ауадағы маневрлерге әскери теңіз күштерінен қарулы күштердің басқа түрлерімен және күш құрылымдармен өзара іс қимыл жасай отырып ұрыс қимылдарын жүргізуге дайындауға бағытталған.
Әскери міндет қайта даярлау жөніндегі іс шаралар шығыс өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін Павлодар облысының аумақтық қорғаныс бригадасының да өткен жиыны Мичурин полигонында тактикалық арнайы оқу-жаттығумен аяқталды. Сонымен қатар 18 тамызда Қазақстанның әуе қорғаныс күштерінен құрылғанына 24 жыл толуын атап өтті. Қарулы күштердің бұл әскер түрі Қазақстанның маңызды мемлекеттік және әскери объектілердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын қамтамасыз ету, басқа да әскер түрлері мен авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындайды.
Сонымен қатар, Әуе қорғаныс күштерінен құрылған күні қарсаңында Талдықорған авиациялық базасында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, авиация генерал-майор Тоқтар Әубәкіров келді. Ғарышкер авиациялық базаның ұшу құрамымен және мезгілді қызмет сарбаздарымен кездесті.
Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілер армия xалықаралық ұйымдарының жарыс алаңдарында сәтті өнер көрсетуде. Жамбыл облысындағы полигонында қазақстандық команда жеңіске жетті. Ал Ақмола облысындағы оқу жаттығу полигоныда әскерифотографтың меридиан байқауына қазақстандық команда бірінші орынды иеленіп, сайыстың соңғы кезеңінде екінші және үшінші орынды иеленген Қытай мен Белорусь командалардан басып озды. Мәскеу түбіндегі полигонда Қазақстан командасының барлық экипажы жарысқа кедергілер бар тасжолды сенімді еңсеріп, жарыс тапсырмаларын орындады.
Болгариядағы байқауда қазақ, қытай, ресей және өзбек командалар арасында үздікті анықтау үшін тартысты сайыс өтті. Қатысушылар аспалы өткелді сегізінші тапсырманы орындау қорытындысы бойынша қазақстандық альпинистер ресейліктерге ғана жол беріп, екінші орынға ие болды.