ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінде тәуліктік нарядта тұрған курсант жарақат алды. Бұл деректі ведомство растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан.
"31 шілдеде ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде курсант тәуліктік кезекшілік кезінде жарақат алды. Әскери қызметші барлық қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды", - деді ведомстводан.