30 қазанда Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Нидерланды Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бұл - Қазақстан Үкіметі басшысының екі жақты қарым-қатынастар тарихында Нидерландыға алғашқы сапары болады», - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз отырысында.
Асқар Мамин сапар барысында Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттенмен кездеседі.
«Келіссөздер барысында тараптар екі жақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды деп күтілуде», - дейді ол.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голланд бизнес-форумына қатысады, бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізіп, инновациялық нысандарды аралайды.