31 нау, 2022 сағат 16:31

«Ashyq»-қа жұмсалған ақшаны тиімсіз игерілді деп қарамаймыз – Годунова


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова «Ashyq»-қа жұмсалған ақшаның игерілуі туралы пікір білдірді, деп қарамаймыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижесіне арналған жиында «Ashyq» қосымшасын сүйемелдеуге бөлінген ақша туралы пікір білдірді.

«Пандемия режимі кезінде Мемлекет басшысының өзі бізге стандарттан тыс әрекет ету керектігін айтты. Бізде бірнеше жоба болды. «Ashyq» – соның біреуі. Мен жауапкершілікті өз монйыма алдым. «Жасау керек болса, жасайық. Бұл бизнеске көмек болады» дедім. Оның тиімділігін асыра бағалау мүмкін емес. 100 млн теңгенің 20-30 миллионы теңгесі ғана сүйемелдеуге кетті. Нәтижесінде біз бинестің жұмыс істеуіне мүміндік жасадық, сол тетік арқылы жағдайды құтқарып қалдық.

Маған оны қаржыны тиімсіз жұмсалған жоба ретінде бағалап, ескерту айтушылар бар. Иә, бюджеттік процедуралар бар екені түсінікті. Өнеркәсіпте қолданысқа енгізілгенге дейін жүйені сүйемелдеуге ақша бермеуім керек екенін айтады. Ал өнеркәсіпте қолданысқа енгізу үшін ақпараттық қауіпсіздік аттестаты керек. Ол аттестатты алу үшін бюджет қаражаты керек, оны алу үшін бюджеттік тапсырыс жасау қажет. Осылай кете береді. Соңы ұзаққа созылады», - деді Бағдат Мусин.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова «Ashyq» қосымшасының тиімді болғанын айтып, бұл мәселе бойынша министрге ешқандай мін тағылмайтынын жеткізді.

«Төтенше жағдай кезеңі мен пандемияға, карантинге қатысты мәселелердің бәрі дағдарысқа қарсы шаралар аясында тексерілді. Денсаулық сақтау министрлігін, Ішкі істер министрлігін, Ұлттық ұланды, Қорғаныс министрлігін тексердік. Бұл кезеңде атқарылған жұмыстың бәрі ерекше жағдайда істелді. Сондықтан тиімсіз жұмсалған қаржы ретінде қарастырмаймыз. Егер мемлекеттік аудит қорытындысының жобасында ондай мәселе болса, түзетеміз. Өйткені «Ashyq»-ты осында отырғандардың әрқайсысы бірнеше рет қолданғанына сенімдімін. Біз ол арқылы бизнестің жұмыс істеуіне, азаматтардың талай нысанға шектеусіз кіруіне мүмкіндік бердік», - деді комитет басшысы.