Арыстағы жарылысқа қатысты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерғали Бахаев тұрғындарды сабырлыққа шақырады, деп жазады Otyrar.kz.
«Тұрғындар қоңырау шалып, Арыстағы жарылыстардың қауіптілігіне қатысты сұрақтар қоюда. Алаңдауға негіз жоқ, уайымдамаңыздар, Арыс қаласы аумағында химиялық нысандар жоқ. Және бактериологиялық, биологиялық қауіп қатер жоқ» деді Е.Бахаев.
Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады. Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.