17 қыр, 2024 сағат 15:32

Арыста әскери қызметші жарақат алды

Көрнекі сурет: pixabay.com

16 қыркүйекте тәуліктік нарядта қызмет өткеру кезінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметші басынан қарудан жарақат алған, деп хабарлайды NUR.KZ басылымы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Өмірге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде.


Айта кетейік, Жезқазған қаласындағы 6505 әскери бөлімінің оқу полигонында жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде бір әскери қызметші жеңіл жарақат алғанын жазған болатынбыз.