01 қар, 2019 сағат 14:51

Әр жағдайды бөлек қарастыру керек – вице-министр мектептегі әлімжеттік жайлы

Мектептегі әлімжеттік оқиғаларының әрқайсысын бөлек қарастырып, тиісті құқықтық шара қабылдау керек. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін тілшілер Талғар ауданында 6- сыныптың оқушысына қысым көрсетілу фактісі бойынша вице-министрдің пікірін сұраған еді.

«Әр жағдайды бөлек қарастыру керек. Оқушылардың арасында болып жатқан келеңсіз жағдайлар бойынша былай деуге болады: жалпы, тәрбие бірінші отбасынан басталады. Тәрбиенің жалғасы әрине, мектепте. Ата-анамен жұмыс жүргізудің де бағыттары бар. Мәселен, Талғар ауданындағы факт бойынша айтар болсақ, нақты ол бойынша әр жағдайда да құқықтық шеңберде шешім қабылданады. Жалпы, біздің қазір жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламамызда тәрбие жұмысын үлкен блок қылып шығардық. Онда әлімжеттіктің алдын алу жұмыстары кең ауқымды қарастырылған», - деді Шолпан Каринова.

Айта кетсек, биыл Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мәселесін көтерген болатын.

«Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларына сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл қазіргі білім және тәрбие беру

Еліміздегі мектеп оқушыларының бір-біріне әлімжеттік көрсетуі ішінара кездесіп жатады. Мәселен, жыл басында Түркістан облысында мектеп оқушыларының бұзақылығы әлеуметтік желіде тарап кетіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.