Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Мақсат Қожабаев осы қызметтен босатылған.