Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Басқарушы директорын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ол "Жасыл Даму" АҚ ("ӨКМ Операторы" ЖШС құқықтық мирасқоры) атынан мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы "RecyclingCompany" ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 миллиард теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағаны сот береді.
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.