Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстандағы атышулы қылмыстық істерді тергеу барысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сарқұлов бүгінде ведомство бірқатар атышулы қылмыстық істі, атап айтқанда, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі қарап жатқанын атап өтті.
"Көлікке қызмет көрсету орталығына қатысты бөлек эпизодтар бар, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ "ӨКМ Операторы" ЖШС-ге жеке қылмыстық іс қозғалды. Бұл утильалым бойынша. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Керек сараптамалар тағайындалды. Толыққанды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кететін жайт, кеше ғана Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауда ұстау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты", - деді ол.