АҚШ-тың «HIMARS» қаруының көмегімен украиналықтар Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.
Украина әскерінің ресейліктердің Харьков облысының Изюм қаласындағы мектепте орналасқан командалық пунктін тас-талқан еткен сәті түсірілген видео ақпарат құралдарында жарияланды.
Басылымның хабарлауынша, видеода РФ Қарулы күштерінің Воронеждегі Батыс әскери округі 20-армиясының командалық пунктінің қалай жойылғаны түсірілген. Сондай-ақ, Ресей Қарулы күштері десант жауынгерлерін басқару пунктінің жермен-жексен етілгені бейнеленген тағы бір видеода желіде кең тарады.