02 нау, 2022 сағат 16:17

Алматыдағы тәртіпсіздік: Түркістан облысының екі тұрғыны банкоматты бұзып, миллион теңге ұрлап кеткен


ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер қандай қылмыс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"6 қаңтарда Алматыда Түркістан облысының екі тұрғыны банкоматты бұзып, миллион теңге қаржы ұрлаған. Күдіктілердің кінәсі бейнежазба мен тергеу әрекеттері арқылы дәлелденді", - дейді Әділов ОКҚ брифингінде. 

Одан бөлек, 8 қаңтарда Түркістан облысында бұрын ұрлық және тонағаны үшін сотталған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде техникалық сауда дүкенінен бес Canon фотоаппаратын, Acer ноутбугын, үш IPhone-12 және Samsung және Төле би көшесіндегі зергерлік дүкеннен 11 әшекейді ұрлап кеткен.