23 қыр, 2021 сағат 20:29

Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды


Алматыда бес адамды атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Игорь Дужновқа қатысты шешім шығарды. 

Күдікті екі айға қамауға алынды.  

Айта кетейік, 20 қыркүйекте кешке Алматыда атыс болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына, полиция қызметкерлеріне және аулада болған өзге екі адамға аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам қаза тапты. Екі полиция қызметкері, бір жеке сот орындаушысы және екі тұрғын. Олардың бірі - үйдің жаңа иесі, екіншісі - оның танысы.

1967 жылы туған күдікті ұсталды. Ол 20 жылға немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететіндерін жеткізді.