Фото: Tengrinews.kz
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді" - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.