04 жел, 2020 сағат 16:28

Алматыда ұрланған көлікпен жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматыда полиция жеңіл көлікті жаяу жүргіншілерге арналған жолда қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Instagram желісіндегі бірнеше видеода жеңіл көлік жүргізушісі полицияның талабына бағынбай, жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашқаны түсіп қалған.

Бейнекадрда жүргізуші Арбат көшесіне шығып кеткен. Полицейлер көліктің ізіне түскен. 

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жетісу ауданында ұрланған «Toyota» көлігінің ізіне түскен. 

«Тоқта деген талапты жүргізуші елемеген. Арбаттағы жаяу жүргіншілер жолына шығып кетті. Абырой болғанда, адамдар жапа шеккен жоқ. «Буран-080» экипажы ұрланған көлікті жан-жағынан қоршап тоқтатты. Көлікті ұрлаған адам ұсталды. Қазір полиция істің мән-жайын анықтап жатыр», - деді Полиция департаментің баспасөз қызметі.