Алматыда Баум тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
1991 жылы туған Айдарханов адам жүрмейтін учаскелерінде әйелдерді қарауылдап, пышақпен қорқытып жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған. Полиция оның осындай төрт іске қатысы бар екенін дәлелдеді.