11 қаң, 2022 сағат 14:55

Алматыда тонаушылар тобы ұсталды


Алматыда Медеу ауданының полицейлері тонаумен айналысқан Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маңғыстау облысының бес тұрғынынан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақ табылған.

Ұсталғандар тәркіленген заттарды тонап алғанын мойындады. Сондай-ақ, олардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, сауыттар мен қалқандар тәркіленген.

Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу" және ҚР ҚК-нің 188-бабы "Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша соталды тергеу басталған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс сотқа жолданады.