Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін караоке-бар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ғимаратта шетелдіктерге интим қызмет көрсетілген. Тексеру кезінде жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін аулаған.Олардың екеуі – Оңтүстік Кореядан және тағы біреуі – Өзбекстаннан.
Караоке-бардағы жезөкешелер клиенттерге құпия сөз арқылы интим қызмет көрсеткен.
Бар шәй-кофе жүйесі бойынша жұмыс істейді. Егер клиент «шәй» алғысы келсе, демек, бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. Ал «кофе», - деген караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интим қызметтерді көрсетуді білдіреді.
«Мекемені екі әкімші басқарды – 1989 жылы туған Ц.есімді азаматша мен 1987 жылы туған С. атты әйел. Арнайы іс-шараның нәтижесінде Полиция департаментіне екі әкімші, интимдік қызмет көрсететін 18 әйел мен үш шетелдік азамат жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңды баға беріліп, соған сәйкес шаралар қолданылады», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.