06 қаң, 2021 сағат 10:35

Алматыда «Ql-Trade Kazakhstan» салымшыларын полицияға жүгінуге шақырды

Алматы Полиция департаменті «Ql-Trade Kazakhstan» ЖШС салымшыларын полицияға жүгінуге шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы «Ql-Trade Kazahstan» ЖШС жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

«2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық арызбен 99 салымшы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты. Елдің басқа қалаларында да бірқатар эпизод анықталды. Күдікті тұлғаға халықаралық іздеу жарияланды. Аталған ЖШС салымшыларын Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 үйге келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.