19 шіл, 2022 сағат 19:15

Алматыда ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасады - видео


Алматыда пышақ ұстаған ер адам әйелге шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға Алматының Наурызбай ауданында болған. Куәгерлердің бірі көршісі әйеліне 11 рет пышақ сұққанын хабарлаған. Себебі, әйел оған баласын көрсеткісі келмеген.


Полиция ақпаратты растады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабы, 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелген.

"1991 жылғы күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Наурызбай аудандық Полиция басқармасы істің мән-жайын анықтауға, сондай-ақ жан-жақты және толық тергеуге бағытталған жедел тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметкерлері.