Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел бір бөлмені жалдаған. Үй иесі оларға ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескерткен.
«Ол кете салысымен екеуі ішімдік ішіп, шулаған. Үй иесі оларға ескерту жасаған. Осы кезде олардың арасында жанжал шыққан. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне салған. 50 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Екеуі де мас болған. Олар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді», - деп хабарлады полициядан.
Аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.