14 қыр, 2021 сағат 16:06

Алматыда пәтер ұрысы құрықталды


Алматыда тұрғындардың пәтерлерін тонаған ұры колға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Полицияға қала тұрғындарынан пәтерлерінің тоналғаны туралы бірден бірнеше арыз түсті. «Шақырылмаған қонақтар» негізінен алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Пәтерлер тек бір тәсілмен және тек күндізгі уақытта ашылған. Іздестіру жұмыстары жүргізілді. Пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған, құлыптарды ашатын құралдары бар ер адам ұсталды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Қазіргі уақытта күдіктінің пәтер ұрлығының 4 оқиғаға қатысы бар екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде.