29 жастағы Алматы тұрғыны адамдарға мемлекеттік бағдарламамен арзан әрі тез үй алып беремін деп алдаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл қызметі үшін ол 1,5 мың АҚШ долларын сұраған.
Қазір күдіктіге қатысты 20 шақты эпизодтың басы ашылды.
«Өзін ипотекалық компаниялардың бірінің өкілімін деп таныстырған ер адам мемлекеттік баспанаға кезекті жылжытып беремін деп уәде еткен. Оған сенген адамдар бауырлары мен таныстарын әкелген. Көрсеткен қызметі үшін әр адамнан 750 мың теңгеден кем емес ақша алған. Алданғандар баспанаға қол жеткізе алмады.
Қазір уақытша оқшаулау орнына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 190- бабы бойынша (Алаяқтық) іс қозғалды. Осы адамның іс әрекетінен зардап шеккен адамдар болса 254-48-02; 254-48-09 нөмірлеріне хабарласуларына болады», – деді Медеу аудандық басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.