10 қар, 2020 сағат 12:11

Алматыда маска тақпаған 200 жуық адам жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин онлайн брифинг барысында мониторинг топтарының жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, аудандағы сауда нысандарындағы санитарлық талаптарды тексеру бойынша құрылған төрт мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

«Қазан айының 8-і мен қарашаның 9-ы аралығында Алмалы ауданында 675 нысан тексерілген. Нәтижесінде 189 жеке тұлға №425 баппен жауапқа тартылды. Тағы 45 нысанға әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 8 нысан 2,5 млн теңге төледі», - дейді ол.

Сонымен қатар , 6 қарашадан 7-ші қарашаға қараған түні 4 ауданның (Наурызбай, Алатау, Түрксіб, Алмалы) 13 мониторинг тобы түнгі уақытта өз қызметін жүзеге асыратын 58 нысанға тексеру жүргізді.

10 нысанда бұзушылықтар анықталды, материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес одан әрі жауапкершілікке тарту үшін Алмалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

1. «Red Dragon» дәмханасы, (Гоголь к. 87);

2. «Арена» компьютерлік клубы (Гоголь к. 58);

3. «Бинго» лото клубы (Масаншы к. 61);

4. «Аура» компьютерлік клубы (Қашқар к. 69);

5. «Бинго» лото клубы (Сейфуллин к. 519);

6. «Loto Club» (Абай д. 143);

7. «Пират» дәмханасы-жұмыс режимін бұзу (Төле би к. 207а);

8. «Блэк» кафе-бары (Назарбаев д. 57);

9. «Гранд-опера» қонақ үйі (Қабанбай батыр, 136/1);

10. «Арагоста» дәмханасы (Жамбыл к. 129).

«Алматы және ауданымыздың тұрғындарына маска киіп, қоғамдық көлікте әлеуметтік қашықтықты сақтап, адамдар жаппай жиналатын орындарға бармауға кеңес берер едім. Үлкен кісілерге өз үйлеріңізден шықпаңыздар, көшеде жүруді шектеу қажет дегім келеді», — деді Е. Хайруллин.