Алматы қаласы Наурызбай ауданының экологиялық полициясының қызметкерлері Алматы экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп жүргізген рейд барысында мол көлемде сексеуіл ағашын сататын орынды анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл тектес ағаштардың барлық түрлерін кесуге тыйым салынған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, адамдар экологиялық заңнаманы бұза отырып, табиғатқа орасан залал келтіруде. Сатушыға қатысты сексеуілді саудалағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 196-бабы (тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз сату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, одан әрі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында онымен әңгіме жүргізілді», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Қазақстанда 2004 жылдан бастап сексеуіл тектес ағаштардың барлық түрлерін кесуге тыйым салынды. Сондай-ақ, ол 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.