Алматыда қонақ үйлердің бірінен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған заттар табылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дәлірек айтқанда, 22 ұялы телефон, 3 пышақ және есірткіге ұқсас зат оралған түйіншек тәркіленді.
Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтің айтуынша, үш күдікті ұсталды, олардың біреуі – әйел.
Күдіктілер жаппай тәртіпсіздіктерден кейін бірден қонақ үйден бөлме жалдаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, пышақтар 5-6 қаңтарда тоналған қару-жарақ дүкендеріне тиесілі болуы мүмкін. Ал маркасы әртүрлі 22 ұялы телефон да электроника дүкендерінен ұрланды деген болжам бар.
Бұған қоса, ашық түсті және өзіндік исі бар ұнтақ оралған полиэтилен түйіншек табылды. Оның не екенін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.